USD
USD
USD

Павлодарда мал жаю ережесін бұзған тұрғын жазаланды

Павлодарда мал жаю ережесін бұзған тұрғын жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда мал жаю ережесін бұзған тұрғын жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірнеше күн бұрын Павлодар ауданының полиция бөліміне Чернорецк – Успенка автожолында бақташысыз жайылып жүрген жылқылар көлік құралдарының өтуіне кедергі келтіретіні туралы хабарлама келіп түсті.

– Тексеру барысында полицейлер осы малдың иесін анықтады. Ол ауылда тұратын шаруа қожалығының бірінің басшысы екені белгілі болды. Мал иесіне қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, – деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Биылғы жылы осындай бұзушылық үшін Павлодар облысының 3367 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияның хабарлауынша, иесіз қаңғыбас мал жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ қылмыстық әрекеттердің объектісіне айналуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) онда 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық