USD
USD
USD

Павлодарда мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Сотқа дейінгі тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізді.

Павлодарда мәдениет басқармасының басшысы сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы кінәсін мойындады.

2022 жылғы 9 маусымда Самал Бегалинова ЖК басшысынан онымен шарт жасасқаны үшін 1 млн теңге пара алған.  Компания Павлодар мектебіне Әлихан Бөкейхановтың бюстін дайындайтын  және оны кедергісіз қабылдайтын болған.

- Сот Самал Бегалинованы ҚР ҚК 366-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, мүлкін – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің облыстық департаментінің заттай дәлелдемелерді сақтау камерасында тұрған миллион теңгені  тәркілеу туралы  үкім шығарды, - деп хабарлады №2 Павлодар сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.

Сонымен қатар,  ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотталған адамның өзі жалғыз тәрбиелеп отырған екі жас баласы (12 және 4 жастағы) болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу оған 5 жылға кейінге қалдырылды (ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде).

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктелді. .

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт