USD
USD
USD

Павлодарда кроссовер зейнеткерді қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 

Павлодарда кроссовер зейнеткерді қағып кетті
Фото: NEGE.kz

@Рavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда «Audi Q7» маркалы автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Бектұров көшесімен солға бұрылып, Торайғыров көшесінен өтіп бара жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде қағып кеткен.  

- Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі, - дейді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам № 1 қалалық ауруханаға бас миының шайқаулы,  іш және жамбас жарақаты диагнозымен жеткізілді.  Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.  Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, газонға шығып кеткен. Өзі аман. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон

«Келешек мектептері» жаңа білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталық болуға тиіс – Президент

Келешек мектеп

Қазақстанға тағы 5 мыңнан астам мұғалім керек – Тоқаев

маман тапшылығы

Қазақстанның жүргізуші куәлігін Қытайда емтихан тапсырмай пайдалануға рұқсат берілмек

Жүргізуші куәлігі