USD
USD
USD

Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды

Әлеуметтік  желіде  күндіз көшеде пышақпен жүрген ер адам түсірілген видео таралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда Павлодар қаласының полициясына Академик Сәтбаев көшесіндегі сауда үйдің жанында ер адамның пышақпен жүргені туралы хабарлама түскен.

—  Аталған факті Павлодар қаласының Солтүстік полиция басқармасында тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді, —  деп хабарлады департаментте. 

Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізді. Оның мас күйінде болғаны анықталды. Полиция оны уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізді. Тексеру жүргізілуде. 

«ЭЛЕКОР» күзет агенттігінде Жеңіс алаңы, 25 мекенжайы бойынша «Туман» мекемесінен шақырту түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген жедел әрекет ету тобы келушілер арасында суық қару қолдану арқылы жанжал туындағанын анықтаған. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе