USD
USD
USD

Павлодарда көркем гимнастиканың спорт кешені салынбақ

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласының спорт нысандарын аралады.

Павлодарда көркем гимнастиканың спорт кешені салынбақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде 400-ге жуық оқушы акробатикамен, ал 150-ден астамы гимнастикамен айналысады. Жас спортшылар мен олардың жаттықтырушылары өз шеберлігін шыңдай алатын және үлкен жарыстар өткізетін жаңа залды армандайды. «Жаңа спортзал салу моральдық тұрғыдан ескі ғимаратты қалпына келтіруден гөрі оңай. Бізде бірден 18 бапкер жұмыс істейді – бұл кеңірек орынды қажет етеді. Қаламызды жақсы көретін Қазақстан аймақтарының спортшылары мен тіпті шет елдік акробаттар Павлодардағы турнирлерге қуана-қуана келер еді», - дейді акробатикадан жаттықтырушы Ирина Глушкова.

Бүгінде «Баянтау» спорт кешенінде жаттығатын көркем гимнастика бөлімінің 300-ге жуық тәрбиеленушісі де жаңа ғимаратқа көшуді күтіп жүр. Қолданыстағы спортзалдың 9 метрлік биіктігі жеткіліксіз – жаттығу кезінде снарядтар төбенің астындағы темір конструкцияларда жиі ілініп қалады. Биыл эстетика және көркем гимнастика мектебінің құрылысы бойынша жоба-смета құжаттамасын әзірлеу басталып, Әбілқайыр Сқақов жаттықтырушылар мен спортшыларды осы процеске қосылуға шақырды. «Жаңа залға қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу барысын тек шенеуніктерге тапсыра салуға болмайды. Маман сіздер болғандықтан, оңтайлы жағдайдың қандай болуы керектігін жақсы білесіз» , - деді өңір басшысы.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған