Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодарда көлікке кран кұлады, 30 үй жарықсыз қалды

Павлодар орталығындағы құрылыс алаңында автокран құлап, электр беру желісін зақымдады, 30-ға жуық жеке үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын тас-талқан етті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда көлікке кран кұлады, 30 үй жарықсыз қалды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Оқиғаның видеосы Instagram-да жарияланды. "Кран құлап, приораны қиратты", - дейді куәгер. Видеода кранның құрылыс вагонының төбесіне құлап, оны майыстырғаны көрінеді. Салдарынан құрылыс материалдары көлікке түскен. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокран 13 наурызда сағат 17.03-те Естай - Больничный тұйық көшесінің қиылысында құлаған.

"Құрылыс жұмыстары кезінде жеке ұйымның шынжыр табанды краны электр беру желісіне аударылып түсті, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй бірнеше сағатқа электрсіз қалды", - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Зақымдалған электр желісін қалпына келтіру үшін шамамен бес сағат қажет болды.

"Қалалық электр желілері кәсіпорнының қызметкерлері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 13 наурызда 21.50-де толық аяқтады. Оқиға болған жерге ТЖД-ның бір қызметкері шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомство өкілі. 

Сонымен қатар, полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зақымдалған көлік иесінен әлі өтініш түспеген.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев