USD
USD
USD

Павлодарда көлік ұрлап, полициядан қашқан жүргізуші жол апатына себепші болды

8 сәуір сағат бес жарымда Ломов көшесінде МАЗ кран машинасы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, деп хабарлайды Полиция.

Павлодарда көлік ұрлап, полициядан қашқан жүргізуші жол апатына себепші болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, қозғалысын жалғастырды. Бірнеше апат жасап, салдарынан патрульдік полицияның төрт қызметтік көлігі мен Toyota Avalon зардап шекті. 

Ол Кіші айналма көшесінде ұсталды, ол автокөлікті басқара алмай, көлікті аударған.

1999 ж.т. жүргізуші, Павлодар қаласының тұрғыны. Медициналық куәландыру оның мас күйінде болғанын растады. 

Жүргізушінің көлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі болмаған. ҚР ҚК 200-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. 

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 608 -бабы 6-бөлімі, 611-бабы 2-бөлімі, 613-бабы 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотта қаралады. 

Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлікке келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен