USD
USD
USD

Павлодарда көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті

Павлодарда жеңіл көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті.

Павлодарда көлік өзендегі мұз астына түсіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 ақпанда сағат 18.25-те Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" пультіне "Нива" автокөлігі мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түсті

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Усоль ықшамауданы "Ertis Olympic" бассейні маңында жеңіл көлік өзенге түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арқан көмегімен көлікті жағаға шығарды. Куәгерлер құтқару операциясы түсірілген кадрларды Instagram желісіне жариялады.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 адамы мен екі техникасы, полицейлер жұмылдырылды", - деді облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық