USD
USD
USD

Павлодарда қыз үшін жаппай төбелес шықты

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда қыз үшін жаппай төбелес шықты
Фото: NEGE.kz



Алматы, NEGE.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы камераларды қарау кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін байқаған. Сағат 4.00 шамасында Торайғыров көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінде төбелес шыққан. 

- Көрсетілген мекенжайға дереу автопатрульдер жіберілді. Видеода жастардың төбелесіп жатқаны байқалады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жігіттерді ажыратып, істің мән-жайын анықтады. Жанжалдың қызғаныштан болғаны анықталды. Қыздардың бірі клубқа бір жігітпен келген, бірақ ол сол жерде бұрынғы жігіті болғанын ескермеген. Жігіттер төбелесті бастаған, ал достары қарсыластардың әрқайсысына  көмектесе бастаған, - деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Қақтығыстың барлық қатысушылары анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Төбелестің әрбір қатысушысы ұсақ бұзақылық жасағаны және ҚР ӘҚБК 434 және ҚР ӘҚБК 437-баптары бойынша тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары