USD
USD
USD

Павлодарда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Павлодарда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – 15 қазанда сағат 11.42-де Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында, подъездің жанында 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның іш қуысында оқ жарақаты болған. 1955 жылы туған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. “Ұстап алу” жоспары дереу енгізіліп, бағдарлар жіберілді. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні Павлодар – Омбы автожолында ұстады. Ол мойындау түсініктемелерін берді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамауға алынды, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов