USD
USD
USD

Павлодарда кәсіподақ қозғалысының өкілдері референдумды қолдады

Штаб мүшелері кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері филиалдарының өкілдерімен кездесіп,  Ата Заңдағы өзгерістерге тоқталды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Павлодарда кәсіподақ қозғалысының өкілдері референдумды қолдады
Фото: NEGE.kz

Одақтар үйінде өткен жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі Нұрлан Өтешев, «Торайғыров университеті» ректорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Садықов, облыстық мәслихаттың депутаты, «Шаңырақ» орталығының басшысы Жарқынбек Амантай және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрайымының орынбасары М.Иванова қатысты. 

Жиында Е.Садықов әрбір қазақстандық референдумға қатысуы керек деді.

«Референдум өткізу халықтың ерік-жігерінің айқын көрінісі болады. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан - жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады», - деді Е.Садықов. 

Ал Н.Өтешев Ата Заңдағы өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығына тоқталды.

– Референдумның негізгі мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша Президенттің өкілеттігін қысқарту және Парламенттің өкілеттігін кеңейту көзделген. Кәсіподақтар үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайтуға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған түзетулер ерекше маңызға ие, - деді ол.

Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің мүшелері Ж.Амантай мен М.Иванова Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған түзетулерді түсіндірді. 
Кездесуге қатысушылар-салалық кәсіподақтардың кәсіподақ қозғалысының өкілдері конституциялық реформа мен өткізіліп жатқан референдумға қолдау білдірді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай