USD
USD
USD

Павлодарда итті тірідей өртегендерге қатысты тексеру басталды

Итті ағашқа байлап, тірідей өртеп жіберген белгісіз ер адамдардың видеосын павлодарлық полицейлер тексеріп жатыр.

Павлодарда итті тірідей өртегендерге қатысты тексеру басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеодағы адамдардың қатыгездігі Қазнет қолданушыларын шошытты. Бір минуттық роликтен итті қалай жалын шарпып, азаптанып жатқанын көруге болады. Үй жануары қашып кетпеуі үшін оны ағашқа байлап, өртеген. Кадрларда ер адамның көлеңкесі көрінеді, ол отқа бірнеше рет қандай да бір сұйықтық шашады. Тағы екі ер адамның даусы естіледі. Олар камераны жануар өлгенше өшірмейді.

Видео еліміздің қай аймағында түсірілгені белгісіз, бірақ Павлодар полициясы ол бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

"Бұл видео павлодарлық топтарда жарияланғандықтан, дерек Павлодар полиция басқармасында тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Осы дерек жайлы немесе оның қайда болғанын білетін адамдардан полицияға хабарласуды немесе осында пікір жазуды сұраймыз", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев