USD
USD
USD

Павлодарда дәрігерлер коронавируспен ауырған қыздың жүрегіне күрделі ота жасады

Павлодар облыстық кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері «жүректің сол жақ бөлімдерінің инфекциялық эндокардиті, митральды клапанның 4-деңгейлі жетіспеушілігі» деген диагноз қойылған қызға сәтті ота жасады. Науқас операция үстеліне шамалы күш жұмсаудан кейінгі демігу, ауаның жетпеуі және жалпы әлсіздік деген шағымдардан соң жатқызылды.

Павлодарда дәрігерлер коронавируспен ауырған қыздың жүрегіне күрделі ота жасады
Фото: NEGE.kz

«Науқастың айтуынша оның ағзасындағы бұл жағдай өкпенің 20%-ы зақымдануына әкеп соқтырған коронавирустық пневмониядан кейін пайда болған. Кешенді терапияға қарамастан ұзақ уақыт бойы субферильді  дене қызуы сақталған», – деді облыстық кардиоорталықтың мамандары.

Зерттеудің нәтижелері кеудені тілу арқылы жүрек клапанын протездеу бойынша ота жүргізу қажеттілігін көрсетті. Мұндай хирургиялық отадан кейін науқастың денесінде үлкен жара тілігі қалады. Сонымен бірге, ота жасалған науқас қанды сұйылту үшін препараттар қабылдауы қажет және 10-12 жылдан кейін отаны қайтадан істеу керек.

«Жүктілік жоспарлаған әйелдер үшін де қауіп-қатер бар, - деді павлодарлық дәрігерлер. – Науқастың 27 жаста ғана екендігін ескере отырып, клапанды сақтап, кеудесін зақымдамау туралы шешім қабылданды. Кардиохирургтер клапанды сақтау үшін митральды клапанның вальвулопластикасы және тігіс-кисетті аннулопластикасын қабырға арасындағы кішігірім тілік арқылы жасады».

Дәрігерлердің айтуынша қазір ота жасалған қыздың жағдайы жақсы, жүктілік жағдайындағы қатер азайған, ал, отаның орны көрінбейді деуге болады.

Бұған дейін Павлодар облысы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2,7 есеге ұлғайғаны туралы хабарланған еді. Саланың ресурстық қамтамасыздандырылуы нығайтылды. Атап айтқанда, өткен жылы жедел жәрдем станциясының автопаркі жаңартылды, ал, өңірдің инфекциялық қызметі 550 тұрақты бейіндік жатын орынға кеңейтілді. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 2,4 есеге жоғары.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева