USD
USD
USD

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Сәби ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде орын алды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.

- Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп хабарлады басқармада.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы