USD
USD
USD

Павлодарда белгісіз адам мектепте баллонмен сұйықтық шашқан

Павлодардың № 33 орта мектебінде болған оқыс оқиға туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Павлодарда белгісіз адам мектепте баллонмен сұйықтық шашқан
Фото: NEGE.kz

Аламты, NEGE. «23 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Ленин кентінде Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы №33 орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне баллоннан бұрышты сұйықтық шашқан», - деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.

Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жұмыс істеді. Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта балалар ауруханадан шығарылған.

«Барлығы – 4а және 4б-сыныбы оқушылары. Ауыр жағдайда түскен балалар болған жоқ, оқушыларды педиатрлар қарап шықты. Екі балаға орташа ауырлықтағы улану диагнозы белгіленіп, ауруханаға жатқызу ұсынылды, ем тағайындалды, система қойылды. Дегенмен, жағдайлары жақсы болған соң ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты», - дейді басқармадан.

Кейбір балаларда жеңіл дәрежеде улану белгілері байқалса, енді бірінде ешқандай белгілер болмаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық