USD
USD
USD

Павлодарда басына телефонын жастап жатқан қыздың басын күйік шалды

Павлодарда телефоннан өрт шығып, қыздың басын күйік шалды.

Павлодарда басына телефонын жастап жатқан қыздың басын күйік шалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Pavlodarnews.kz мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау жатын бөлмені толық шарпыған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде орын алған. Екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінде өрт шығып, үй заттары мен жиһаздар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:00-де өрт толығымен жойылды.

Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 пайыз күйік шалған , — деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы міндетін атқарушы Тілекжан Галямов. Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған.

Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған, — деді департаментте. Оқиға орнына өрт сөндіруші жеке құрамның 16 адам мен 5 техникасы, медициналық көмектің 3 адам мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі