USD
USD
USD

Павлодарда балаларды сырттай бақылап жүрген ер адам қолға түсті

Оның әрекеті павлодарлықтардың ашуын туғызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда балаларды сырттай бақылап жүрген ер адам қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде тараған фотодан ер адамның біртүрлі киінгенін әрі мектептің сыртқы қоршауынан ішке телміріп қарап тұрғанын көруге болады.

- Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 ЖОББМ қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық операторлар бос болмады. Ата-аналар сақ болыңыздар, - делінген жазбада.

Осы жайтқа қатысты қалалық полиция бөлімі өз жауабын берді.

 - Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді, - делінген жазбада. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жасы 50-ден асқан адамның әңгіме барысында өзін дұрыс ұстамағанын айтты. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып,  ер адам ауруханаға жатқызған.

Қазір оқып жатыр

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер