USD
USD
USD

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан босатылды

Павлодар қаласындағы №93 балабақша тәрбиешісі бүдіршінге қол көтергені, яғни баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан босатылды
Фото: NEGE.kz

Павлодар қаласының білім бөлімі аталған факті бойынша қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізген.

«Балабақша басшысы Ж. Абеевадан және ерте «Ә» тобының тәрбиешісі Б. Арыкбановадан түсініктемелер алынды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғаны үшін топ тәрбиешісі Б. Арыкбановамен 2022 жылғы 6 мамырдан бастап еңбек шарты бұзылды. Мекеме басшысы Ж. Абееваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза шығарылып, балабақша қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауды күшейтуге, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге нұсқау берілді», - деп мәлім етті білім бөлімінен.

Сондай-ақ, балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі нұсқаулықты сақтау мәселесі бойынша кезектен тыс нұсқама өткізген.

Сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жайт туралы әлеуметтік желіде айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев пост жазып, видео жариялаған.

Еске салсақ, Білім және ғылым министрлігі елордалық инклюзивті балабақшадағы ұрып-соғу оқиғасы туралы пікір білдірген еді.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі