USD
USD
USD

Павлодарда бала зорлаған педофил 20 жылға сотталды

 Павлодар облысында жас баланы зорлады деп айыпталған 58 жастағы ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды   Pavlodarnews ресурсы.

Павлодарда бала зорлаған педофил 20 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар тұрғыны сотта өз кінәсін мойындамады. Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс жабық сот отырысында, алқабилердің қатысуымен қаралған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және куәгерлердің сөзімен, сараптама нәтижесімен дәлелденді.

«Сотта прокурор күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады, ол және оның адвокаты ақтауды сұрады» деп мәлім етті ведомстводан. Алқабилердің шешімімен 58 жастағы Павлодар тұрғыны айыпты деп танылды. Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөліміне сәйкес мұндай қылмыс үшін максималды жаза - 20 жылға соттау. Айыпталушы аталған мерзімді қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Ер адам кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істейтін қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер