USD
USD
USD

Павлодарда азаптау әдістерін қолданған жедел уәкіл сотталды

Павлодарда азаптау әдістерін қолданған жедел уәкіл сотталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда азаптау әдістерін қолданған жедел уәкіл сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. № 2 қалалық сотында ҚК 146-бабының 1-бөлігі бойынша қысқартылған тәртіппен азаптау, яғни жәбірленушіге физикалық және психикалық азап көрсету фактісі бойынша Павлодар ауданының полиция бөлімінің аға жедел уәкіліне қатысты іс қаралды.

Іс материал бойынша, сотталушы 2022 жылғы 20 қазанда және 22 қарашада Павлодар аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі бола отырып, ұрлық жасағанын мойындату мақсатында  зардап шеккен азаматты азаптап, тергеу мен анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. Сондай-ақ балағат сөздер айтқан, ашық алақанмен бет аймағынан, кейінірек оң қолымен жұдырықпен бастың артқы жағынан ұрған.

Прокурор үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыны кешіргенін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Келтірілген залал ішінара 700 мың теңгеге өтелді. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады және іс бойынша жиналған дәлелдемелерге қарсылық айтпады. 

"Сот жеңілдететін мән-жайларды (кінәсін мойындау, жасаған ісіне өкіну, келтірілген зиянды ішінара ерікті түрде түзету, мүгедектігі бар жас бала мен әкенің асырауында болуын, бұрын сотталмағанын), ауырлататын мән-жайларды (қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы) ескере отырып, минималды қауіпсіздік мекемесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деді № 2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің моральдік зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы 1 млн теңге сомасына, материалдық залал 344 301 теңге сомасына қанағаттандырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы