USD
USD
USD

Павлодарда антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді

Оқу-жаттығу терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысы терроризмге қарсы штабының мәліметінше, бүгін, 25 наурыз күні  «ADK»   (Лермонтова көшесі, 84/8 үй) бизнес-орталығы және «Нептун» спорттық кешені (Қайырбаева көшесі, 85 үй) аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді.

– Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру, – деп жазылған хабарламада.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, оқу-жаттығуларға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұрайды.  

Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе