USD
USD
USD

Павлодарда айыппұл төлемеген жүргізушілерден 1,5 млн теңге өндірілді

Бұл туралы

Павлодарда айыппұл төлемеген жүргізушілерден 1,5 млн теңге өндірілді
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту мақсатында салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бөлігінде Павлодар қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп қала жолдарындағы көліктердің иелерін тексерді.

 “Кибер-шериф” борттық аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қарызы бар жүргізушілерді анықтады.

 – Азаматтарға әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздары бар екендігі туралы хабарланғанын, бірақ олар төлеуге асықпағанын атап өткен жөн. Мысалы, Ломов көшесінде көлік жүргізу кезінде Toyota автокөлігі байқалды, оның жүргізушісінде 15 мың теңге төленбеген айыппұлы болған, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні борышкер-жүргізушілерден жалпы сомасы 1,5 млн теңге айыппұл өндірілді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев