USD
USD
USD

Павлодарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Павлодарда адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Павлодарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада сағат 07.20-да Солтүстік өнеркәсіп аймағының «Инженерия орталығы» аялдамасының жанында «Фольксваген Гольф» көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 62 жастағы ер адамды қағып кеткен.

- Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, оған «түрлі дене жарақаттары» диагнозы қойылды, - деді баспасөз қызметінде. Қағып кеткен көлікті анықтау үшін полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. «Ұстау» жоспарын енгізіп, күдікті көлік жүргізушісін ұстады. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев