USD
USD
USD

Павлодарда 3 тоннаға жуық тәркіленген спирттен антисептик жасалады

Павлодар облысында 3 тоннаға жуық тәркіленген спирт антисептик жасауға жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда 3 тоннаға жуық тәркіленген спирттен антисептик жасалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұдан бұрын көлеңкелі айналымнан алынған 2,9 мың литрден астам құрамында спирт бар өнімді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасына антисептик өндіріп шығару үшін табыстады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш департамент айналымнан алынған құрамында спирт бар сұйықты, сондай-ақ медициналық маска мен антисептиктерді уәкілетті органдар мен мекемелерге беріп келеді. Пандемия басталған кезеңнен бастап қолға алынған бұл шара Павлодар облысында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жасалады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян