USD
USD
USD

Павлодарда 34 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

16 сәуір сағат 18:00 шамасында Бесқауға ауылының тұрғындары өздерінің ВАЗ-2104 автомашинасымен дала алқабына ірі қара мал іздеуге шыққан, деп хабарлайды Полиция.

Павлодарда 34 жастағы әйел іздестіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бесқауға ауылынан Жаңажол ауылына қарай 25 шақырым жерде көлікті тастап, екі жаққа бөлініп, көліктің жанында кездесуге келіскен. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күтеді. Келмеген соң, ер адам полицияға жүгінді. Айта кету керек, бір күн бұрын ауылда ақтүтек боран болған. Әрі әйел ұялы телефонын жұбайының көлігінде қалдырып кеткені белгілі болды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылды. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қаласы ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері және жергілікті тұрғындар іздеуді жалғастырып жатыр.

Жақын маңдағы елді мекендердің дала алқабында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық ПБ-ге жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе