USD
USD
USD

Павлодарда 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады

Павлодарда 4 мамырдан бастап 30 мыңнан астам адам жұмысына оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жақын арада карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі басталады. Сіздердің көпшілігіңіз оны күттіңіздер, кейбір нысандардың ашылу мерзімі туралы сұрадыңыздар. Мен сіздерге 4 мамырдан бастап Павлодар облысының 30 мың тұрғыны жұмысына оралып, өз бизнесін қайта жандандыратынын қуанышпен мәлімдеймін», – деп жазды обылс әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook парақшасында. Сонымен, дүйсенбіден бастап қысқартылған жұмыс күні және алдын ала жазылу бойынша мына нысандар жұмысын бастайды:

Медицина және оптика орталықтары; Сұлулық салондары; Аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер; Ақпараттық байланыс технологиялары орталықтары, жарнама, жылжымайтын мүлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар; Адвокаттар мен нотариустар; Кішігірім қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен и айырбастау пунктері; Сурет салондары, гүл сататын дүңгіршектер және басқалар. ⠀ Сонымен қатар, далада спортпен айналысуға рұқсат беріледі. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы БАҚ-та жарияланған.

«Құрметті жерлестер, карантин шараларының жеңілдетілуі өз денсаулығымызға немқұрайлы қарауға болады дегенді білдірмейді. Бұрынғыдай барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз керек», - дейді облыс басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.