USD
USD
USD

Павлодарда 24 жыл іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Павлодарлық жедел уәкілдер 24 жыл іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда 24 жыл іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысының жедел уәкілдері Ресей Федерациясының екі азаматының тұрып жатқан жерін анықтады, олар шамамен 24 жыл бойы тергеуден жасырынған.

2000 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында 57 жастағы ер адам 17 жасар қызды зорлаған. Сондай-ақ 1999 жылы Ресейде есірткі қылмысын жасаған 69 жастағы әйел ұсталды. Осы жылдар ішінде екеуі де жасырынып жүрді, тұрғылықты жерін ауыстыра берген.

– Адамдарды іздестіру үздіксіз жүргізіледі. Қабылданған шаралардың арқасында жедел қызметкерлер орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар