USD
USD
USD

Павлодарда 17 көшеге қазақ тұлғаларының есімі беріледі

Павлодар облысы мен қаласындағы 17 көшеге көрнекті қазақ тұлғаларының есімі беріледі. Бұл туралы облыстық мәслихаттың қаулысы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Павлодарда 17 көшеге қазақ тұлғаларының есімі беріледі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мир көшесі – Олжабай батыр, Урицкий көшесі – Генерал Смағұлов, 1-я Южная көшесі – Бірлік, 2-я Южная көшесі – Кәукен Кенжетаев, Парковая көшесі – Мұқағали Мақатаев, Донецкая көшесі – Мағжан Жұмабаев, Кубанская көшесі – Қалмұқан Исабай, Совхозная көшесі – Рафиқа Нұртазина, Таганрогская көшесі – Қазанғап би, Ангарская көшесі – Нағымбек Нұрмұхаммедов, Читинская көшесі – Аманжол Шәмкенов, Декабристов көшесі – Қамар Қасымов, Юннатов көшесі – Дихан Әбілев, 1 және 2 Советов көшесі – Генерал Бәкіров, Зыряновская көшесі – Қабдыкәрім Ыдырысов, Саянская көшесі – Алма Әжібаева, Лесная көшесі – ағайынды Дүйсембиновтер көшесі болып өзгертілсін», – делінген қаулыда. Құжатқа сәйкес, көшелердің атауын өзгертуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қаулы 10 күннен кейін күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция