USD
USD
USD

Павлодарда 10 көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы жолдың нашар көрінуі салдарынан болды.

Павлодарда 10 көлік соқтығысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ребровка ауылының маңайында, Ленинский-Русская поляна автожолының 19-шы шақырымында жолдың нашар көрінуінен үш ауыр жүк көлігі және жеті жеңіл автокөлік соқтығысты», -– деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Апат Ленинский-Иртышск тасжолында болды. Оның айтуынша, түрлі жарақат алған үш адам Павлодар қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілген.

Оқиға орнында Ақсу қаласының полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы, автокөліктерді ажыратып, жарақат алғандарды қауіпсіз жерге шығару мақсатында ТЖ бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер