USD
USD
USD

Павлодарда жүргізуші жасөспірімді автобустан мәжбүрлі түрде түсіргені үшін жазаланды

Павлодарда жүргізуші жасөспірімді автобустан мәжбүрлі түрде түсіргені үшін жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті желіде маршруттық такси жүргізушісі мектеп карточкасының болмауына байланысты жасөспірім қызды түсіріп кеткен бейнежазба жарияланды.

– Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Аталған көлік құралының жүргізушісі анықталды. Оған қатысты заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған қызды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда Мемлекет басшысы сәуірде қол қойған әйелдер мен балаларды қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Сонымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-1-бөлігімен толықтырылды.

Енді заңды өкілінің еріп жүруінсіз келе жатқан 16 жасқа толмаған адамды қоғамдық көліктен күштеп түсіргені үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.