USD
USD
USD

Павлодарда жол үстінде тоқтап қалған автобус жолаушылары эвакуацияланды

Қарағандыдан Өскемен қаласына жолға шыққан рейстік автобус «Омбы – Майқапшағай» республикалық тас жолында сынып, тұрып қалған.

ТЖМ
Фото: ТЖД

Алматы, NEGE. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушіні жылыту пунктіне орналастырды.

Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

— «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолындағы Ямышев ауылының маңында отын сорғысында ақау шыққанына байланысты жолаушылар автобусының тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті. Көлік Қарағанды қаласынан Өскемен қаласына жолға шыққан. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушіні эвакуациялады. Олар Ямышев ауылындағы мектепте орналасқан жылыту пунктіне жеткізілді. Жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды, - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Кейін олар Астана-Өскемен бағыты бойынша келе жатқан басқа автобуспен сапарларын жалғастырған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты