20 Қыркүйек 11:48
...
Павлодарда жол апатынан 7 адам зардап шекті

Павлодарда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, төрт бала мен үш ересек жарақат алды.
Алматы, NEGE. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйек күні сағат 16:38-де академик Сәтбаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған.
Маршруттық автобус пен Lada Granta көлігі соқтығысып, жолаушылар зардап шекті.
«Полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Жол апатының барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады өңірлік ДП.
Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, барлығы 7 адам ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде:
- 1937, 1969 және 1989 жылы туған үш әйел – Павлодар қалалық ауруханасына түсті;
- 2013 жылы туған қыз бала мен 2012, 2016 және 2017 жылғы үш ұл бала – облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Қазақстанда жол апаттары қоғамдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірі саналады. ІІМ дерегіне сәйкес, 2024 жылы елде 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 16 мыңнан астам адам жарақат алған.