USD
USD
USD

Павлодарда жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған

Бұл жөнінде жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бүгін Мәжілісте кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы тыңдалды.

«Құнын дұрыс есептемеу салдарынан тек бір жоба бойынша 20 млрд теңге немесе қарыз сомасының 16%-ы игерілмей, күші жойылған», – деп баяндады палата төрағасы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекеттік қолдау көрсетілген кезеңде кейбір бизнес субъектілері меншік иелеріне дивидендтер төлеген жағдайлар анықталған. Оның үстіне дивиденд мөлшері мемлекеттік қолдау көлемінен асып кеткен.

«37 млрд теңгеге қолдау көрсетілген бір жоба бойынша салықтардың өсуінен бөлек, жұмыскерлер штатын 1 адамға ғана ұлғайту талап етілген. Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған», – деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.

Бұған қоса жоғары аудиторлық палата төрағасы қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау көбіне қолмен жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қарсы міндеттемелерді орындау бойынша деректерді манипуляциялауға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ ол операторлардың көбінің қызметінде міндеттемелерді сақтамағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдануда субъективті көзқарас басым екенін баса айтты.

Қазір оқып жатыр

Сүндет кей жағдайда АИТВ-инфекциясынан қорғайды – уролог

Бала

«Бір сәтке уақыт тоқтап қалды»: Алматы тауларында туристер қар барысына кез болды

Барыс

Санжар Әділов Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тарихи жүлде салды

Санжар Әділов

Тоқаев Путинге 9-шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін жеделхат жолдады

Тоқаев, Путин