USD
USD
USD

Павлодарда жерлестерін алдап, 15 млн теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Павлодарда алаяқтық жасап, азаматтарға 15 млн теңге шығын келтірген күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Павлодар облысы мен "CiberPol" бөлімшесінің жедел қызметкерлері банк қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады. 

– Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, екінші деңгейдегі банктерде тауарлық кредит ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер бүгінгі күні күдіктінің қармағына түскен осы өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрады. Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жүкті болғандықтан бұлтартпау шарасы таңдалады. 

– Азаматтардан қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұраймыз. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға өзінің дербес деректерін хабарлауға болмайды. Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға алған несиелерден өзіңізді қорғау үшін несие тарихына мониторинг жүргізіп, ондағы қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажет, – деді полиция қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері