USD
USD
USD

Павлодарда жас жігіт өртеніп кетті

Павлодардағы аулалардың бірінде қаңтарулы тұрған "Лада Гранта" жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің денесін тапқан, деп жазды stan.kz.

Адам
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE.Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

"2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда", деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінен.

Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy