USD
USD
USD

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 16 жастағы қыз қаза тапты 

Павлодарда көлік ағашқа соғылып, 16 жастағы қыз қаза тапты. Тағы екі жолаушы мен жүргізуші ауруханада жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

машина
Фото: Видеодан скрин

Алматы, NEGE. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 қарашаға қараған түні сағат 03:10 шамасында болған.

"Mercedes көлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылымен келе жатып, дөңгелегі жол жиегіне қарай сырғанап кеткен. Сосын ағашқа соғылған. Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкеневаның айтуынша, үш жолаушы да жасөспірім.

"19 жастағы жүргізуші басқарған көлікте кәмелетке толмаған үш бала болған. 16 жастағы бір жолаушы қаза тапты. Екіншісі, 15 жаста, жағдайы өте ауыр, оған ота жасалды. Тағы бір 15 жастағы жолаушы мен жүргізуші жарақатпен ауруханаға жеткізілді", – деді Шәкенева.

Жасөспірімдер көлікті ересек адамдардың басқаруынсыз жүргізген. Уәкілдің сөзінше, жарақат алған балалардың ата-аналары, кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 11-ден кейін үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым