USD
USD
USD

Павлодарда ұзату тойында қонақтар жаппай уланып, мейрамхана бір айға жабылды

8 маусымда Павлодардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қаладағы мейрамханада өткен ұзату тойынан кейін бірнеше адамның жедел ішек инфекциясымен ауруханаға түскені жөнінде жедел жәрдемнен хабарлама алды. 

Д
Фото: Aif.ru

Алматы, NEGE. Сол күні эпидемиологиялық тексеру басталып, зертханалық сынамалар алынды. Тексеру барысында анықталғандай, аталған мейрамхана рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеген.

9 маусымда мекемеге қызметін тоқтату туралы қаулы табысталғанына қарамастан, мейрамхана жұмысын жалғастырған. Тек сол күні, яғни 9 маусымда 18 адамнан жедел ішек инфекциясы диагнозымен түскендігі туралы хабар келіп түскен.

Сот отырысында жеке кәсіпкер Ж кінәсін толық мойындап, бұл жағдайдың алғаш рет және абайсызда болғанын айтып, соттан бұл жайтты жеңілдететін жағдай ретінде ескеруді сұрады. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Ж-ны әкімшілік жауапқа тартып, 275 240 теңге айыппұл салу және “B” мейрамханасының қызметін бір ай мерзімге тоқтату жөнінде шешім шығарды.

Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті