USD
USD
USD

Павлодарда сиыр етінен әзірленген сервелаттан шошқа ДНҚ-сы анықталған

Сиыр етінен әзірленген сервелат Беларусьтен әкелінген. Зертханалық сараптама нәтижесінде шұжықтың құрамынан шошқа ДНҚ-сы анықталған. Өнімнің ресми таңбаламасында еттің бұл түрі бар екені туралы ақпарат мүлде болмаған.

Сервелат
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Павлодар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған өнімге сәйкестік декларациясы рәсімделген және тауардың ілеспе құжаттарының барлығы болған.

«Тиісті шара қабылдау үшін біз Алматы қаласының аумақтық департаментіне ақпарат жолдадық. Алдағы тексеріс осы өнім сақталған қоймаға қатысты жүргізілетін болады», – деді Ақылбекова брифингте.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда жедел әрекет ету шаралары қолданылады, яғни өнім айналымнан алынып, кері қайтарылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы