USD
USD
USD

Павлодарда ішімдік ішіп алған мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрып жіберген

Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мектеп күзетшісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды.

– 19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасағаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді департаментте.

Сонымен қатар, оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

Сондай-ақ, полиция облыстың білім беру басқармасына күзетшінің жұмыс орнында осындай жағдайда болуына жол берген мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты