USD
USD
USD

Павлодарда шенеуніктердің бірі ұсталғаны рас па?

Мемлекеттік кірістер комитеті «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ұсталды» делінген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Рысбек Мінәйімбековтің ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді.

Алайда Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Мәліметтер расталмайды және шындыққа сәйкес келмейді», – деп жауап берді Комитет өкілдері Nege.kz жолдаған сауалға.

Сондай-ақ дереккөздің бұл ақпаратты желіден өшіргені мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек