USD
USD
USD

Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды

Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды. Жол апаты Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында болды, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ІІМ
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі полицияның күдігін тудырған.

"Ол қызметкерлердің тоқтату туралы талаптарын елемей жылдамдықты арттыра берді. Расков көшесінде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды", - деп хабарлады департамент.

Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Тексеріс қорытындысы бойынша оның мас екені анықталды.

Мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша жүргізуші жеті жылға жүргізу құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала