USD
USD
USD

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарт адамдарды азаптаған

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады.

пансионат
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Жәбірленушілердің бірінің жасы – 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Ермек Көшербаев

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 4,3 млрд долларға азайды

доллар бағамы

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді: емтиханды қайта тапсыру ақылы болмақ

техникалық тексеру

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

ІІМ