USD
USD
USD

Павлодарда өзін тапаншамен атқан жас полицей қайтыс болды

Павлодар қаласының №1 ауруханасы 2002 жылы туған жас жігіттің қайтыс болғанын нақтылады.

жас полицей
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Ол өзін-өзі табельдік тапаншамен атып, жарақаттаған болатын.

Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін-өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттағанын, жедел жәрдем оны жансақтау бөліміне жеткізгені туралы хабарланды. 

Өкінішке қарай, Павлодар қаласының №1 ауруханасының дәрігерлері 2002 жылғы туған жігіттің өміріне араша түсе алмады. Ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл ақпаратты аурухана басшылығы нақтылады. Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен себебі анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде», - деп хабарлады Полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

 

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған