25 Мамыр 19:15
...

Павлодарда отбасы отырған такси өртке оранды

П
Фото: informburo.kz

Павлодарда отбасы отырған көлік отқа оранып, бес адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы ,NEGE. Қозғалыс кезінде өртенген көлікте ерлі-зайыпты мен екі баласы және көлік жүргізушісі болған.Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіріп үлгерген.

"Жедел жәрдем қызметкерлері 5 адамға, оның ішінде екі балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Өрттен зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Екі бала ауруханаға жатқызылды.

"Екі жастағы қыздың беті, қолын I–II дәрежелі күйік шалған, жалпы денесінің 18%-і күйген. 9 жастағы қыз I–II–III дәрежелі күйік шалған. Беті-қолы күйген. Зақымдану аймағы – 7%. Екеуі де травматология бөлімшесіне жатқызылды", - дейді балалар ауруханасындағылар.

Қыздардың 33 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатыр."Науқастың денесін 3-ші дәрежелі күйік шалған. Ал ер адамға 1-2 дәрежелі күю диагнозы қойылды. Өрттен қолы күйіп қалған", - дейді дәрігерлер.Ол амбулаториялық ем алады.