USD
USD
USD

Павлодарда өрттен қорыққан қыз терезеден секіріп мерт болды

Қайғылы жағдай 12 маусымда болған. Павлодар қаласындағы Баян батыр көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден таңға жуық өрт шыққан.

Өрт
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Pavlodarnews ақпаратынша, өрт сағат 04:22-де толық сөндірілген, қою түтін басқан үйден бір ересек адам мен бір бала құтқарылған. Олар иіс тию белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Өкінішке қарай, 22-33 жас аралығындағы қызды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Ол өрт сөндірушілер келгенге дейін екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 2026 жылғы 12 маусымда сағат 04:25-те Павлодар қалалық №3 ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға барынша тырысқанымен, ол сағат 05:50-де жан тапсырған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Павлодар облысының құтқарушылары өрт шыққан жағдайда дереу  101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалып, көмек күтуге, терезе не балкон арқылы өз бетінше сыртқа шығуға әрекет жасамауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров