USD
USD
USD

Павлодарда дауыл соғып, Лениннің көне ескерткіші қирап қалды

Павлодарда қатты желден ең көне ескерткіш құлады.

Лениннің ескерткіші
Фото: Людмила Баюшева

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, қатты жел бұрынғы Ленпарк аумағында орналасқан Владимир Лениннің ескерткіші жанында өсіп тұрған шыршаны құлатқан. Ағаш мүсіннің үстіне түсіп, оның толығымен опырылуына себеп болды.

Павлодар қаласы әкімдігінің хабарлауынша, мүсінді қалпына келтіру мүмкін емес. 

Ленин
Фото: Людмила Баюшева

– Дауылдың салдарынан ағаш опырылып, Ленин ескерткішін қиратты. Үстіне ағаш түскен мүсін тұғырдан құлаған кезде кішкене бөліктерге бөлініп кетті. Қалпына келтіру мүмкін емес, – деп хабарлады Павлодар әкімдігі.

Павлодардағы Лениннің бұл ескерткіші 1928 жылы 1 шілдеде ашылған. Ал 2022 жылы демеушілердің есебінен қайта жөндеуден өткен. 

Ескерткіш
Фото: pavlodarnews.kz

Ленин ескерткіші мәдени мұра тізіміне енгізілмеген. Қазір коммуналдық қызметкерлер құлаған ағашты кесіп, айналасын тазалап жатыр. Келесі аптада олар тұғырды бөлшектеуге кіріседі. 

Ескерткіш
Фото: pavlodarnews.kz

«Араб жазуы бар тақтайша сақталады. Алдағы уақытта халықпен талқылау барысында бұл жерде не орналасатыны туралы шешім қабылданатын болады», - деді қала әкімдігі.

Ескерткіш
Фото: pavlodarnews.kz

Естеріңізге сала кетейік, кеше Павлодарда қатты жел соғып, шатырларды ұшырып, ағаштарды құлатқан болатын. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Олжас Бектенов

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

карсити

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев