USD
USD
USD

Павлодарда «HAS» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне сот үкімі шықты

Өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ға дейін пассивті табыс алуға уәде берген.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде жалған акциялар белсенді түрде жарияланып, оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат тарады. Олар құрылыс жүріп жатқанын көрсету үшін декорациялар мен арнайы техника жалдаған.

Нәтижесінде қаржылық пирамидаға 5 мыңнан астам салымшы тіркелген.

Сот 5 қатысушыны 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сонымен қатар, зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу мақсатында салымшылардың ақшасына алынған 1 миллиардтан астам теңге құны бар мүлік тәркіленді. Активтер қатарында — 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша қаражаттары бар.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті