USD
USD
USD

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пайдакүнемдік ниетпен әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкім шықты.

су
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Соттың анықтауынша, ерлі-зайыпты арасында ұзақ уақыт бойы мүліктік жанжал болған. Әйелі некені бұзу туралы шешім қабылдаған. Әйелдің меншігінде құны 125 миллион теңгеден асатын коммерциялық кәсіпорын болған. Мүлік бөлуге жатпайтындықтан, күйеуі материалдық жағдайын ойлап, қауіптенген.

2024 жылдың тамыз айының ортасында күйеуі әйелін өлтіруді жоспарлап, оны суға батып кеткендей көрсетпек болған. Күйеуі өзінің қылмыстық ниетін іске асыру үшін әйелімен бірге өзен арнасымен Ақсу қаласына қарай жүзіп бара жатқан кезде қайықты қатты шайқаған. Бұл кезде әйелі қайықтың шетінде отырған. Қайық шайқалғанда ол суға құлап кеткен. Осы кезде күйеуі оның шашынан ұстап, суға тұншығып қалғанша ұстап тұрған. Әйел механикалық асфиксиядан қайтыс болған.

Сотта прокурор ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап пен олардың өкілдері өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беруді өтінді. Ал сотталушының өзі кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады.

«Сот жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайларды – соттылығының болмауын, әріптестерінің жағымды мінездеме беруін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, К.-ны кінәлі деп танып, оған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 8-тармағы (пайдакүнемдік ниетпен өлтіру) бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Үкім күшіне енсе, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

террор

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

Өскемен

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Сынып

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Танакөз Толқынқызы