USD
USD
USD

Павлодарда еліктерді заңсыз атқан ауыл тұрғыны ұсталды

Заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерден мылтықтар тәркіленген. Сондай-ақ автокөлік салонынан табылған екі еліктің өлексесіне сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Браконьер
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Железин ауданының Раздельное ауылы маңында ВАЗ-21060 маркалы автомашинасын тоқтатып, салоннан екі еліктің өлексесін тапты.

— Көлік рөлінде ауыл тұрғыны болған. Автокөліктің салонын тексеру кезінде аңшылық мылтықтар, жабайы жануарлардың екі өлексесі табылды. Заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еліктердің тәркіленген ұшаларына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

«Браконьер» іс-шарасы басталғалы бері полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 95 бұзушылығын, оның ішінде аңшылық және балық аулау ережелерін бұзуды тоқтатты. 900 килограмнан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев