USD
USD
USD

Павлодарда бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар бала құлап кетті

Павлодарда бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар бала құлап кетті. Нәресте комаға түсіп қалды, дәрігерлер балақайдың өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Терезе
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға бүгін, 13 сәуірде болды. Бұл туралы Өңірлік бала істері жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова айтты.

«Бүгін, 13 сәуірде Павлодарда бесінші қабаттағы терезеден қонақ бала құлап кеткен. Көптеген ауыр жарақаттарымен ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл - облыста биылғы жылы тіркелген алғашқы жағдай», – деді омбудсмен.

Екі жас 11 айлық сәби облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

«Балаға кататравма, сондай-ақ жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы мен көгерулер және басқа да жарақаттар диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы әлі тексерілуде», – деді медициналық мекеме.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті